"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Аршалы  кентінің  "Светлячок" балабақшасы"  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие " Детский сад "Светлячок" поселка Аршалы  при отделе образования по  Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мақала отбасы

13.01.2021

Тлеубердинова Акжол Зухановна

«Светлячок» балабақшасының тәрбиешісі

 

«Тәрбиені гаджеттен емес, отбасынан алған – жас ұрпақ»

           XXI ғасыр – ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып, адам баласының инновациялық мүмкіндіктеріне жол ашатын уақыт. Бүгінгі таңда смартфон, түрлі гаджеттер мен ұялы телефонсыз  өмірімізді елестету мүмкін емес. Сымсыз құрылғының пайдасы – кез-келген ақпаратты оңай алуға, әлемнің бір бұрышын басқа бұрышымен байланыстыра алатындығында. Дейтұрғанмен, бұл сымсыз жіптің зиянды жағында айта кету керек. Статистикаға көз жүгіртетін болсақ, Қазақстанда ұялы телефонның әсерінен білім алушылардың көру қабілеті 60 пайызға нашарлаған. Сонымен қатар, балалардың зейіні бір ортаға шоғырланбай, үнемі телефондағы ойындарды ойлап, алаңдап жүреді. Психологтар бұл жайында дабыл қағуда. Себебі смартфонға тәуелділік баланың ойлауына кері әсерін тигізеді. Қазіргі балалардың 99 пайызы әкесі мен анасы жұмыс істейтін отбасында тәрбиеленіп келуде. Ата-ана баласының тұрмыстық, материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп жүргенде, балаға рухани қажеттіліктерді – мейірім, сүйіспеншілік, адалдық сынды құндылықтарды беруге уақыттың жетіспейтіндігі – осы смартфонға тәуелділікке әкеп соқтырады. Бала өзінің уақытын өткізу үшін түрлі атыс-шабыс ойындарды ойнап, мультфилимдерді қарайды, одан бөлек отбасымен ас ішіп отырғанда ата-ананың да, баланың да қолынан телефон түспей отыратындығын көреміз.

          Бұл мәселенің алдын алу мен шешу жолдарын мен – отбасы құндылықтарын балабақша, мектеп қабырғаларында насихаттауды ұсынамын. Ұрпақтар сабақтастығы сақталып, ата-әже - әке-ана – бала отбасында өзінің міндеттерін біліп, сақтайтын болса, отбасында әрдайым сыйластық сақталады. Ата-әжесі немересіне, смартфондағы мультфильмнің орнына  халқымыздың әдет-ғұрпын, ертегілерін айтса керемет емес пе? Ал әке-шешесі жұмыстан келген соң, қолдарына телефон емес, құшағына балаларын алып, еркелетіп, бүгінгі күні қалай өткенін сұрап, ойнайтын болса – отбасылық құндылықтардың сақталатындығы сөзсіз.                                     Балалар да, үлкендер де – телефонсыз  уақыттың өткендігін байқамай қалады. Мұндай отбасылық тәрбиені көрген бала – ертең бойында өз елінің салт-дәстүрін сіңіре білген, үлкенге - құрмет көрсетіп, кішіге – ізет танытатын саналы ұрпақ болып өседі.

 

 

Просмотров: 307


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст