Бекітемін:
МКҚК меңгерушісі
"Оттық"балабақшасы
Аршалы кенті
Мұқанова Е.
11.11. 2021ж
Мектепке дейінгі ұйым әдіскеріне лауазымдық нұсқаулық
Тналина Шолпан Алшағырқызы
1.Жалпы ереже
1.1 әдіскер тиісті мамандық бойынша жоғары білімі , сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар ( орта арнайы , орта кәсіптік) тұлғалар қатарынан тағайындалады.
1.2.Меңгерушіге бағынады.
1.3.Меңгерушінің бұйрығымен қызметке қабылданады және қызметтен босатылады.
1.4.Жылына бір рет медициналық тексеруден өтеді.
1.5.Өз жұмысында нормативтік құжаттарды , осы лауазымдық нұсқаулықты және ішкі еңбек тәртібі Ережелерін басшылыққа алады.
1.6.Жұмыс аптасының ұзақтығы-24 сағат.
1.7.Жыл сайынғы кезекті демалыстың ұзақтығы-56 күнтізбелік күн.
1.8.Еңбек тәртібін сақтайды.
1.9 .Әдіскер білуі керек :
- ҚР Конституциясы, "Білім туралы", "ҚР-дағы бала құқықтары туралы", "ҚР-дағы тілдер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдар және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік актілер; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары ;
- дидактика принциптері;
- Педагогика және жас психологиясы негіздері ;
- тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелері ;
-оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу принциптері мен тәртібі;
- педагогикалық жұмыстың тиімді формалары мен әдістерін анықтау, жалпылау және енгізу әдістемесі;
- медициналық-психологиялық-педагогикалық және балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен жүйке-психикалық қызметі;
- әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері;
- аудиовизуалды және интерактивті оқыту құралдарына қойылатын негізгі талаптар;
- еңбек туралы заңнама негіздері;
- еңбекті қорғау , қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары ;
- санитарлық ережелер мен нормалар.
2.Лауазымдық міндеттері
2.1. Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
2.2.Пәндер мен оқу курстары бойынша оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды құрастырады.
2.3.Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады.Білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен және оқыту мен тәрбиелеу құралдарымен ынтымақтастықты дамыту.
2.4.Оқыту мен тәрбиелеу нысандарының, әдістері мен құралдарының мазмұнын анықтауға көмек көрсетеді.
2.5.Оқу-әдістемелік құжаттамаларды , құралдарды әзірлеуді , рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.
2.6. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады, жас топтары үшін сабақ кестесін жасайды.
2.7.Озық практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.
2.8.Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы қағидатын сақтау , ата-аналармен өзара іс-қимыл бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
2.9.Қазіргі заманғы жабдықтарды ауыстыру және сатып алу туралы ұсыныстар енгізеді, топтарды оқу құралдарымен ,ойындармен , ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады.
2.10.Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды.
2.11.Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер , көрмелер, конкурстар өткізеді; шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады ; оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді; есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақтылы ресімдейді.
2.12. Тәрбиешілердің , психологтың, логопедтің, музыкалық қызметкердің , ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді.
2.13.Балалардың біліміне , іскерлігіне , дағдыларына талдау жүргізеді.
2.14.Тәрбиешілер мен олардың көмекшілерінің алдында кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді.
2.15.Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жұмыстарын үйлестіреді.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функциялары:
1)
4.Құқық
4.1.ҚР Еңбек кодексінде , ішкі тәртіп қағидаларында көзделген құқықтарға ие.
4.Жауапкершілік
4.1. Осы Нұсқаулықпен жүктелген барлық міндеттердің орындалуына жауапты болады.
Келісілді
Медицина бөлімінің меңгерушісі Мұқанова Е .А.
ДК төрағасы
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым: Тналина ш. а.