Ашық сабақ :
Экология мен шығармашылық
Тақырыбы:
«Қысқы көрінісі»
Тәрбиеші
:Тлеубердинова Ақжол Зухановна екінші
категория.
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімдері: Экология, Шығармашылық.
Тақырыбы: «Қысқы көрініс»
Мақсаты:
А) Ақпараттық – құзіреттілік Қыс мезгілі және ерекшелігі,
қыстағы табиғат көріністері туралы білімдерін кеңейту.
Б) Коммунактивтітік – құзіреттілік.
Сурет бойынша әңгіме құрап, ө ойын толық жеткізе білуге
жүйелі әңгімелеуге үйрету.
В) прблеманы шешу құзіреттілігі Серуен кезіндегі көріп
келген табиғатты қағаз бетіне бейнелеп табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.
Көрнеілігі : қыс суреттері, қар, мұз.
Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, сурет бойынша
әңгімелеу.
Іс – әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Шаттық шеңбері.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн.
-балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-балалар қысқы ауа райының белгілерін білеміз?
-Ендеше боран соққаңды қимылмен қалай көрсетеміз?
-Үскірік аяз болып тоңғанда не істейді?
-Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(балалардың
жауабы)
I – тапсырма: Айналамен таңысу.
Белгісі: Жабайы аңдар.
-Балалар сендер қандай
жабайы аңдарды білесіңдер?
-Қандай аңдар қыста ұйқыға жатады.
-Олар немен қоректенеді?
-Оларды неліктен қолға асырауға болмайды?
(балалардың
жауабы)
-Балалар, кім бізде жабайы аңдар жайлы тақпақ біледі?
Тоңпан-тоңпан жүретін
Аю үлкен жануар
Балды жақсы көретін
Аю деген жануар.
Түлкі деген қу ғой,
Жүрген жері шу ғой.
Жатып алып жағада,
Іздегені ду ғой.
II- тапсырма:
Белгісі: Қыс ғажайыбы
Жұмбақ.
-Қар жылдың қай мезгілінде жауады?
-Қар қалай жауады?
Балаларға қарды ұстатып көрсету.
-Қар қандай?
-Егер қарды бөлмеге әкелсек ол не істейді?
Қардың бөлмеге ергенін көрсетіп, оның себебін сұрау.
-Егер ол суды сыртқа апарсақ не болады?
-Егер жолға ол суды төксек қатқан соң не болады?
-Сендер сырғанақты немен ойнайсыңдар?
Қыс ғажайыбынан ақ
қоян секіріп шығады.
-Балалар бізге
қонаққа ақ қоян келіпті.
-Барлығымыз
қонақпен амандасайық.
Ақ қоян:
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Мен сендермен бірге
жаттығу жасап, жылынайын деп келдім. Дала өте суық екен. Мен аязда жаурап
қалдым.
-Балалар, қоянмен
бірге сергіту жаттығуын жасайық.
Қоян отыр далада
Құлақтарын
қозғалтып,
Міне былай, міне
былай
Құлақтарын
қозғалтып.
Отыру қиын қоянға
Сыз өтеді табаннан
Міне былай, міне
былай
Жылытайық аяқты.
Тұру қиын қоянға
Секіру керек қоянға
Міне былай, міне
былай
Секіру керек
қоянға.
Қоян: рахмет
балалар, мен сендермен жаттығулар жасап,бір жылынып алдым.
(Қоянды орындыққа
отырғызу.)
III-тапсырма.
Шығармашылық
Белгісі: Түлкінің тапсырмасы.
Түлкі: Сәлеметсіңдер
ме балалар.
(балалар амандасады)
Сендер білесіндер
ме, қыстың қандай ғажайып мезгіл екенің. Мен сендерге арнайы сиқырлы бояу
әкелдім.
Балалар неліктен
қар әртүрлі жауады?
Себебі ауа-райына
байланысты. Желсіз аязды күні қар жапалақтап жауады.
Ашық күні кішкентай
түйіршік болып жауады. Енді қазір жапалақтап жауған қар бейнесін ақ қағаз
бетіне саусағымызбен салайық.
(балалар суреттерін салып, түлкіге көрсетеді)
Қорытынды.
Күтілетін
нәтиже:
Нені біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін.
Игерді:
Қардың, мұздың қасиеттерін.
Меңгерді: Қысқы табиғаттың суретін салуды, аңдарға
қамқор болуды.