Ересек тобы.
Қазақ тілінен үйірме
жұмысы.
Қазақ тілі мұғалімі:
Имбишева Жанар Рамазанқызы
Күні: 06.12.2017ж
Тақырыбы: Домбыра – халық даналығы.
Мақсаты: Сәбидің дүниеге
келуіне байланысты жасалатын ұлттық салт-дәстүрлер туралы балалардың білімдерін
қайталап бекіту, күй атасы Құрманғазы, қазақ халқының ұлттық музыка
аспабы домбыраның құрылысымен таныстыру, сөздік қорын дамытып, тілдерін
жетілдіру.Оларды отансүйгіштік сезімге баулып, ата-бабаларымыздың бай мұрасын
құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әдістері: Әңгімелеу, көрсету, түсінік беру, технология
қолдану, дамыту ойындары: « Салт-дәстүрді ата» ; « Домбыраны құрастыр» ; мақал
айту, күй тыңдату; тіл жаттықтыру.
Көрнекіліктері: Салт-дәстүрлер бейнеленген құралдар және
үлестірмелі суреттер, «Домбыраны құрастыр» ойынының көрнекіліктері, қоржын, музыкалық
аспаптар, диск
Ұйымдастыру
кезеңі: Шеңберге тұрып барлығы бірге.
Армысың,
әлем!
Армысың,
жарқын күн!
Армысыңдар,
абзал достар!
Армысың, Жер ана!
Қонаққа
Алдар-көсе келеді (есік қағылады, иығында қоржыны бар Алдар-көсе кіреді.)
Алдар-көсе: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе Алдар-көсе!
Алдар-көсе: Балаларды сағынып,алыс жолдан келдім мен
Өнер сүйер бөбектерге, сыйлық алып келдім мен.
Алдар-көсе қоржынын мұғалімге беріп, оның ішіндегі
тапсырмаларды дұрыс орындаса, сыйлық
алатындарын айтады.
Мұғалім: Рахмет сізге Алдар-көсе. Балалар, мына хаттың
ішінде не бар екен?
(Қоржынның ішіне салынған хатты ашып, ондағы тапсырма
жайында балаларға түсінік береді).
«Салт-дәстүрлерді
ата» дамыту ойыны өткізіледі.
Шарты: балалар салт-дәстүрлер туралы тәрбиешінің сұрағына
жауап беріп, дәстүр бейнеленген көріністің суретін табады.
-
Отбасында бала дүниеге келгенде сәбидің бауы берік
болсын, дені сау болсын деп, тілектер айтып қонақтар келеді.
-
Бұл қандай дәстүр?
-
Жауабы: «Шілдехана» дәстүрі.
-
Ата үш рет баланың есімін дауыстап айтады.
-
Бұл қандай дәстүр?
-
«Балаға ат қою» дәстүрі.
-
Баланың шашын, тырнағын алады, суға шомылдырып, оған
қырық қасық су құяды.
-
-Бұл қандай дәстүр?
-
«Қырқынан шығару» дәстүрі
-
Қонақтар келеді,
тыштырма жейді, әже көпшіктің астына бала әдемі болу үшін тарақ, айна, таза
болу үшін сабын, батыр болу үшін қамшы салады.
-
-Бұл қандай дәстүр?
-
Жауабы: «Бесікке салу» дәстүрі
-
Сәби тәй-тәй басады.Осы кезде ата-анасы қандай дәстүр
жасайды?
-
«Тұсау кесу» дәстүрі.
Мұғалім: жарайсыңдар балалар! Мына
суретке қарандаршы,суреттегі адамдардың көңіл-күйі қандай?
Балалар: Жақсы.
Мұғалім: Ал көңіл-күйді көтеру үшін
қандай өнер түрін қолданады?
Балалар: Ән айтады, домбыра тартады.
-
Балалар мынау қандай аспап?
-
Бұл домбыра
-
Балалар, қазақ халқының қобыз, жетіген, сазсырнай,
асатаяқ,т.б ұлттық музыкалық аспаптары бар.
-
Ал қазір біз, Алдар-көсенің қоржынынан шыққан дискіні
көріп тамашалаймыз.Сендер мұқият тыңдап,
есте сақтаңыздар.(Мұғалім бейнекөріністен алған әсерлерін сұрайды)
Мұғалім:Балалар, енді домбыра
құрылысымен танысайық.
-
Мынау домбыраның басы, құлағы, сабы, пернелері, кеудесі,
қақпағы, ауызы, тиегі, шектері, қорғаны, түп тиегі.
(Балалар қайталап есте сақтайды)
Мұғалім: балалар атақты күйші Құрманғазы атамыздың «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Адай»
т.б күйлері бар.(Құрманғазының «Адай» күйі орындалады).
-
Балалар Құрманғазының қандай күйін тыңдадық?
-
«Адай» күйін тыңдадық.
-
Күй немен орындалады?
-
Күй домбырамен орындалады.
Домбыра құрастыр
ойыны.
Балалар екі топқа бөлініп, домбыра құрылысының
бөлшектерінен домбыра суретін құрайды.
-
Балалар
сендер не құрастырдыңдар?
-
Мынау домбыраның қай бөлшегі? (Балалар домбыраның бөлшектерін жеке-жеке айтады.
Балаларға сұрақ қою арқылы сабақты қорытыңдылау.
Мадақтау.
Мұғалім:Қол ұстасып тұрайық
Шаттық шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы.
Сау-саламат болайық.