Отаным-тағдырым
Кеңсің дала
Туған ана,
Көйлегің кең көк ала
Жан беретін
Тән беретін
Мейірімді ана сен ғана.
С.Сейфуллин.
Туған жер – адам
өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және
болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ
адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Мен мектепте оқып жүрген кезін-ақ
айналамдағы кішкентай балаларды ойнатқанды жақсы көретін едім, болшақта
тәрбиеші болуды армандаушы едім, міне енді мен тәрбиешімін өз мамандығымен мақтанамын
сағат сайын ізденісте отырып оқып үйренуге жалықпаймын, және осы үйренгендерімді
балаларға жеткізуге асығамын. Біздің мамандықтың басты мақсаты осы балаларды
отанға деген сезімдерін жетілдіріп, үлкен азамат болып өсуіне үлесімді
қосамын.Бұл менің нәтижем. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады:
туған жер, туған көше, туған қала. Менің Отаным мен үшін аса қымбат. Үйдің маңындағы аулада
ойнағаным және мектепке бару жолындағы көше әлі есімде. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп
жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен
әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым,
үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі
естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған
аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір
бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта
бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен басқа ұлттар еңбектенуде.
Бірлік, ұлтаралық келісім және
саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Олардың тағдырын, өмір тарихын
тыңдағанда менің елім одан сайын маған
жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр
жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі
қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар,
әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің
жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып,
пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың
барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі керек. Қазақстанда
тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем
Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта
гүлденудің маңызды талабы.
Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп
ойлаймын.
Мен қандай
бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным!
Сен барсың менің жанымда,
Көктемнің гүлі ашылған!
Балалық шағым қасыңда,
Тағдырым сенсің, Қазақстан!
Мен үшін Отан – құндылықтарды материалды тасымалдаушы емес.Бұл жан сезімі!
Сенің әрқашан оймен болса да оралғың келетін Жердің рухани бұрышы.
Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай
және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда
тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.
Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көремін? Мен өз отанымды қалай мақтан
тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды. Біз өмір сүреміз,
кетеміз, өлеміз, ал біздің отанымыз мәңгі өмір сүреді.
Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма алты жылдығы.
Жиырма алты жыл ішінде экономикада,
саясатта, әлеуметтік дамуда көптеген жетістіктерге жеттік. Бізді әлем таниды. Бұл өте маңызды. Бұл біздің
де,біздің Президенттің де үлкен жетістігі. Біз, жастар бүгінгі табысымызды
бекіте отырып, жаңа асуларға жету үшін
көп еңбек етуіміз қажет. Біз оған дайынбыз.
Қашанда қарыздармын елім саған
Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған
Жүректің арнап ыстық махабатын
Туған ел берерім көп мен саған.